
Мамандықтың ерекшеліктері
Бұл бағытта болашақ тіс техниктері оқытылады. Олар протездер, ортодонтиялық және жақ-бет аппараттарын жасайды.
Сондай-ақ, студенттер пластикалық тәждер мен көпір тәріздес протездер, әртүрлі бекіту жүйелері бар құйылған бюгель протездерін жасауды, протездер мен тәждерді жөндеуді үйренеді.
