27 мая, 2025

Астана қаласы әкімдігінің № «3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК «Жас Толқын» Жастар денсаулық орталығымен бірлескен «Денсаулықты сақтау болашақты құру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерді репродуктивті денсаулық туралы, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, жыныстық сауаттылық, отбасын жоспарлау, контрацепция әдістері және ЖЖБИ алдын алу, сонымен қатар АПВ инфекциясының алдын алу, вакцинация жайлы ақпарат беру.
Өткізілетін іс шара туралы қысқаша ақпарат: «Жас Толқын» Жастар денсаулық орталығы мамандары репродуктивті денсаулықты қорғаутақырыбын қозғай отырып, дөңгелек үстел барысында емхана мамандары адам папиллома вирусын алдын алу және вакцинация тақырыбы талқыланды. Сондай-ақ студенттермен мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу және олардың темекі шегу, алкоголизм және нашақорлық сияқты денсаулыққа әсері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

In this article:
Share on social media:
Facebook
Twitter
LinkedIn
Telegram

Related articles