РМА тарихы

 «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС-нің

Тарихы

 

«Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС (бұдан әрі – «РМА» ЖШС) – Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін жеке білім беру ұйымы. Оқу орны медициналық кадрларды 8 жыл бойы даярлап келеді.

«РМА» ЖШС 2018 жылы ашылды. Алғашқы қабылдау 2018–2019 оқу жылында жүргізілді. Алғашқы түлектер 2019 жылы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Күтім бойынша кіші мейіргер» біліктілігімен 20 адам болып бітірді. Бүгінгі күнге дейін жалпы түлектер саны – 1179 адам (2025 жылғы 2НК деректеріне сәйкес).

Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негізде жүзеге асырылады. 2024–2025 оқу жылындағы студенттер контингенті – 1367 студент, ал 2025–2026 оқу жылының басында – 1178 студент.

Оқыту тілдері – қазақ және орыс тілдері.

 

Миссиясы

Денсаулық сақтау саласының қажеттіліктеріне сәйкес, Қазақстан мен әлемнің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті медициналық мамандарды даярлау, жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, олардың кәсіби қызметте табысты болуына жағдай жасау.

 

«Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС-нің пайымы

«РМА» ЖШС – Қазақстан мен әлемдегі кәсіби медициналық білім беру жүйесінде танылған көшбасшы, инновациялық үлгідегі білім беру ұйымы, барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағытталған тиімді корпоративтік басқару жүйесіне ие ұйым.

Құндылықтары

  • кәсібилік – мамандықты терең меңгеру, міндеттерге жауапкершілікпен және адал қарау, қойылған міндеттерді сапалы әрі кәсіби орындау;
  • өзара құрмет – өзгелерді құрметтеу, мәселелерді ашық әрі ізгі ниетпен талқылау, міндеттерді бірлесіп шешу;
  • үздіксіз даму және білім алу – алға тұрақты ұмтылу, қызметкерлердің таланттары мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, жастарды қолдау;
  • ынтымақтастық – тұлға, қоғам және мемлекет арасындағы ашық әрі тиімді өзара іс-қимыл;
  • инновациялар – ең тиімді шешімдерді әзірлеу, енгізу және іздестіру.

Қойылған миссияға жету үшін «РМА» ЖШС келесі стратегиялық бағыттар мен мақсаттарды айқындады:

  • ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау;
  • жаңа оқыту технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
  • тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу;
  • «РМА» ЖШС кадрлық әлеуетін сапалы жетілдіру;
  • материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды тұрақты жақсарту;
  • жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен белсенді өзара әрекеттесу.

«РМА» ЖШС-нің бірегейлігі – «Стоматология» мамандығы бойынша практикалық даярлауға арналған өзінің клиникалық базасы – «Рипов Dent» стоматологиялық клиникасының болуы. Клиника Ғ.Мүсірепов көшесі, 6 мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы – 142,9 шаршы метр. Мұнда заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып, стоматологиялық және ортодонтиялық көмектің барлық түрлері көрсетіледі. Клиника базасында жақ-бет хирургиясы кабинеті, ортодонт және имплантолог кабинеттері жұмыс істейді. Ересектерге қызмет көрсетумен қатар, балаларды қабылдау да жүргізіледі. Бұл студенттердің практикалық дағдыларды терең меңгеруіне және оларды кәсіби қызметінде тиімді қолдануына мүмкіндік береді.

«РМА» ЖШС-нің екінші клиникалық базасы – «Ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша мамандар даярлауға арналған ЖК «Аманова Ш.Ж.»-ның (бұрын — «Рипов LAB») тіс-техникалық зертханасы. Зертхана екі корпустан тұрады, олардың жалпы ауданы тиісінше 151,8 шаршы метр және 75 шаршы метрді құрайды. Зертханада протездеудің ең жаңа технологиялары, атап айтқанда CAD/CAM жүйесі, цифрлық және роботтандырылған технологиялар қолданылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 16 ақпандағы №24 бұйрығына сәйкес жабдықталған симуляциялық орталық жұмыс істейді.

 

  • Толық атауы: «Республикалық Медицина Академиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  • Қысқартылған атауы: «РМА» ЖШС
  • Ұйымдық-құқықтық нысаны: жауапкершілігі шектеулі серіктестік
  • Қызмет түрі: білім беру қызметі (Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін жеке меншік білім беру ұйымы)
  • Заңды мекенжайы және байланыс деректері: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Мақат көшесі, 4а; телефон: +77775225970; сайт: https://college.rma.edu.kz/; e-mail: college@rma.edu.kz
  • «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС өз қызметін келесі құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырады:
  • «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС Жарғысы (2024 жылғы соңғы өзгерістермен);
  • 2020 жылғы 10 ақпанда Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы берген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, БСН: 100540015725.

«Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС құрылтайшысы әрі ректоры – Пернебаев Галым Жумабаевич, бизнес әкімшілендіру магистрі.

Директоры – Биржанова Феруза Ахметовна, дәрігер-стоматолог.

  • Лицензия:

Алғашқы қабылдау 2018–2019 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Білім саласындағы бақылау департаменті берген №KZ77LAA00010358 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырылды.

2025 жылғы 24 ақпанда лицензия Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік мекемесімен жаңартылды. Лицензия сериясы: № KZ90LAM00000907.

Күндізгі оқу нысаны бойынша лицензияланған қызмет түрінің кіші түрлері:

09130100 – «Мейіргер ісі», біліктілігі: 5AB09130101 – «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»;

09130100 – «Мейіргер ісі», біліктілігі: 4S09130103 – «Жалпы практикадағы мейіргер»;

09130100 – «Мейіргер ісі», біліктілігі: 3W09130101 – «Күтім бойынша кіші мейіргер»;

09120100 – «Емдеу ісі», біліктілігі: 4S09120101 – «Фельдшер»;

09130200 – «Акушерлік іс», біліктілігі: 4S09130201 – «Акушер»;

09110100 – «Стоматология», біліктілігі: 4S09110102 – «Дантист»;

09110200 – «Ортопедиялық стоматология», біліктілігі: 4S09110201 – «Тіс технигі».

  • Аккредиттеу
  • Институционалдық аккредиттеу туралы куәлік. Тіркеу нөмірі: IA №0316, 29.12.2022 ж. Қолданылу мерзімі: 28.12.2027 ж. дейін.
  • Мамандандырылған аккредиттеу туралы куәліктер келесі білім бағдарламалары бойынша:

09120100 – «Емдеу ісі», біліктілігі: 4S09120101 – «Фельдшер» Тіркеу нөмірі: SA №1222, 29.12.2022 ж. Қолданылу мерзімі: 28.12.2027 ж. дейін.

09130100 – «Мейіргер ісі»:

  • 5AB09130101 – «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»;
  • 4S09130103 – «Жалпы практикадағы мейіргер»;
  • 3W09130101 – «Күтім бойынша кіші мейіргер».

Тіркеу нөмірі: SA №1223, 29.12.2022 ж. Қолданылу мерзімі: 28.12.2027 ж. дейін.

09110100 – «Стоматология», біліктілігі: 4S09110102 – «Дантист».

Тіркеу нөмірі: SA №1220, 29.12.2022 ж. Қолданылу мерзімі: 28.12.2027 ж. дейін.

09110200 – «Ортопедиялық стоматология», біліктілігі: 4S09110201 – «Тіс технигі»

Тіркеу нөмірі: SA №1221, 29.12.2022 ж. Қолданылу мерзімі: 28.12.2027 ж. дейін.

 

  • Мемлекеттік аттестаттау

«Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС 2023 жылғы 4 сәуірдегі №198 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы ретінде мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті.

 

Клиникалық практика, өндірістік оқыту және кәсіптік практиканы ұйымдастыру мақсатында практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыз байланыс орнатылып, 32 медициналық ұйыммен ынтымақтастық туралы шарттар жасалған.

«РМА» ЖШС ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілген және кең жолақты жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған. Мекемеде 52 дербес компьютермен жабдықталған 2 компьютерлік сынып жұмыс істейді. Оқу кабинеттері стационарлық және тасымалданатын мультимедиялық проекторлармен жабдықталған. Интерактивті тақта қолданылады.

«РМА» ЖШС Ұлттық білім беру деректер қорымен ынтымақтастықта жұмыс жүргізеді. «РМА» ЖШС базасында https://college.rma.edu.kz/  ресми сайты жұмыс істейді. Сонымен қатар, Instagram – rma_college, TikTok – rma.astana.med және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшалар белсенді жүргізіледі.

2020 жылдың наурыз айынан бастап қашықтан оқыту шеңберінде синхронды және асинхронды форматтарда оқыту бойынша бірегей тәжірибе жинақталды. Оқу үдерісі MSTEAMS, ZOOM, classroom платформалары және WhatsApp мессенджері арқылы жүзеге асырылды.

Студенттерге медициналық қызмет көрсету 2017 жылғы 8 ақпанда берілген №17002197 лицензия және 2021 жылғы 22 қарашадағы лицензияға №005 қосымша негізінде жұмыс істейтін медициналық пунктте жүзеге асырылады. Медициналық пункт жеке орналасқан емшара кабинетінен тұрады.

«РМА» оқытушылары мен қызметкерлері жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтеді. Студенттерге дәрігерлік қызмет көрсету Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 Қалалық емхана» МКК студенттік емханасымен жасалған ынтымақтастық туралы шарт негізінде жүргізіледі.

Жалпы ауданы 256 ш.м. құрайтын спорт залы бар. Бір мезеттегі өткізу қабілеті 80 адамды құрайды.

Студенттерді, оқытушыларды және қызметкерлерді тамақтандыру 20 орындық буфеттің қызметі арқылы қамтамасыз етіледі. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға ие. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының № Z.04.X.KZ45VWF00270463, берілген күні – 2024 жылғы 19 желтоқсан.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін (ҚНжЕ талаптарына сәйкес) келесі жағдайлар жасалған:

  • мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар тұлғаларға) арналған көтергіш құрылғы орнатылған;
  • бағыттағыштар орнатылып, сары түсті бағыттаушы жолақтар жапсырылған;
  • жарық сигналдары қарастырылған;
  • шақыру түймесі орнатылған;
  • санитарлық торап (дәретхана) ҚНжЕ талаптарына сәйкес жабдықталған.