
2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және білім беру сапасын арттыру мақсатында 2025–2026 оқу жылында «РМА»ЖШС оқытушыларының біліктілігін арттыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді.
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының талаптарына сәйкес педагогтер кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан кемінде үш жылда бір рет өтуге міндетті.
2025–2026 оқу жылында «РМА»ЖШС педагогикалық кадрлары түрлі бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Курстан өткен педагогтер туралы мәлімет
Колледждегі педагогтердің жалпы саны – 44 адам.
Оның ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер саны – 20арнайы пәндер бойынша.педагогика саласы бойынша 32 адам, бұл жалпы педагогтер санының 95 % құрайды.
Курстар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
- «Емдік стоматологияның өзекті мәселелері»
- Амбулаторлық және стационарлық кезеңдегі терапияның өзекті мәселелері
- Гигиена және эпидемиологияның өзекті мәселелері (IDENT)
- Кардиологияның өзекті мәселелері (соның ішінде балалар кардиологиясы)
- Терапиялық стоматологияның, соның ішінде балалар стоматологиясының өзекті мәселелері
- «Терапияның өзекті мәселері»
- Акушерлік, перинатология және гинекологиядағы заманауи технологиялар
- Терапиялық стоматологияның, соның ішінде балалар стоматологиясының өзекті мәселелері
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ішкі ағзалардың ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері
- Мейірбике ісі: Жалпы тәжірибелік медбике,
- Металл керамикалық реставрацияларды өндірудің заманауи технологиялары
- «Шұғыл дәрігерге дейінгі көмек
- Зертханалық диагностиканың заманауи әдістері
- цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану;
- инклюзивті білім беру;
- жасанды интеллект және білім беру үдерісі;
- білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
- «Үздіксіз кәсіптік білім берудегі оқытудың белсенді әдістері және инновациялық технологиялары»
| Оқу жылы | Оқытушылар
саны |
Педагог ретінде | % | Мамандығы бойынша | % |
| 2024-2025 | 37 | 11 | 29 | 21 | 56,7 |
| 2025-2026 | 44 | 32
|
76 | 20 | 45 |

Курстардан кейін педагогтер алған білімдерін оқу процесіне енгізіп, ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, семинарлар және тәжірибе алмасу алаңдары арқылы әріптестерімен бөлісті.
