


Емдеу ісі апталығы аясында 41Ф және 42Ф тобының студенттері арасында “Үздік жедел жәрдем бригадасы” атты конкурс ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – болашақ медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, жедел медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру және командалық жұмысқа бейімдеу.
Конкурс 4 кезеңнен тұрды:
✅ Таныстыру: Командалар өз атауын, эмблемасын және ұранын таныстырып, кәсіби киім үлгісінде өнер көрсетті.
✅ Блиц-турнир: Инфекциялық қауіпсіздік, жедел және шұғыл көмек бойынша сұрақ-жауап сайысы өтті.
✅ Кәсіби шеберлік негіздері: Студенттер медицина мамандарына қажетті практикалық дағдыларын көрсетті.
✅ Фармакология: Қатысушылардың дәрі-дәрмек туралы білімдері тексерілді.
Конкурс барысында студенттер жоғары белсенділік танытып, өздерінің кәсіби дағдыларын шыңдады.