28 марта, 2025

«Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі

Астана қаласында EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өткізілді.
Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара.

Сонымен қатар, осы іс — шарада “Республикалық Медицина Академиясы” ЖШС студенттері мемлекет басшысымен кездесті. 11-15 қаңтар аралығында студенттеріміз “Лиза” робот құрылғысын таныстырып, көрме қатысушыларын сүйсіндірді.
Студенттеріміз Айтбеков Заңғар, Кайнулла Дилназ, Оралгазинова Зауре, Өтеміс Гүлназ, Жәнібекұлы Айдын өз біліктіліктерімен көрмеде бөлісті.

Президент кез келген еңбек қадірлі, құрметке лайық екеніне назар аударып, жастарды аянбай еңбек етуге шақырды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан директорымыз Смакова Сауле Социаловнаға және 3 курс студенті Кайнулла Дильназға алғыс хатттар табысталды.

In this article:
Share on social media:
Facebook
Twitter
LinkedIn
Telegram