2 апреля, 2025

2025 жылдың 27 наурыз күні «Менің мамандығым – мақтанышым» тақырыбында қалалық іс-шара өткізілді

2025 жылдың 27 наурыз күні Астана қ. Сарыарқа ауданы әкімдігінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астана қ. Әдістемелік орталығы, «Астана Жастары» ЖРО, «Менің мамандығым – мақтанышым» тақырыбында қалалық іс-шара өткізді. Іс-шараға әр колледжден түлектен шақырылды: Жақсылық Ақтілек («Республикалық Медицина Академиясы” ЖШС). Ләззәт Уразбаева, Бибіжамал Жанат («З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ), Ибрагим Аружан, Муйнанова Айкен («Томирис» медициналық колледжі» ЖШС) Түлектер мамандықтарының қызығы мен естеліктерімен бөлісіп қана қоймай арнайы өздері дайындаған бейне материалдарымен көрсетілім жасады.
“Мейірбике жолы- колледжден халықаралық деңгейге дейін” тақырыптарына тыңдалым жасалынды.
Мақсаты: студенттердің өз мамандығына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, колледж бітіргеннен кейін де тоқтамай дамып, көптеген жетістіктерге жете алатындарын түсіндіру.

In this article:
Share on social media:
Facebook
Twitter
LinkedIn
Telegram