30 апреля, 2025

25 сәуір күні «Республикалық Медицина Академиясында» «100 кәсіби сынып» жобасы аясында — «Ашық есік күні» өткізілді

25 сәуір күні «Республикалық Медицина Академиясында» «100 кәсіби сынып» жобасы аясында — «Ашық есік күні» өткізілді. Іс – шараға 72, 105, 58, 4, №2 Қоянды орта мектебі және №3 Қоянды мектеп-лицей оқушылары қатысты.
Ашық есік күні — бұл кәсіби бағдар беру мен мектеп оқушыларын болашақ мамандықтармен таныстыруға бағытталған, және жұмысшы мамандықтардың беделін насихаттайтын маңызды іс-шара болды.
Мақсаты: жұмысшы мамандықтар жылының беделін арттыру. Оқушыларға мамандық тандауға кәсіби шеберліктер арқылы бағдар беру. Медицина саласының дені сау ұлт болып өсіп-жетілуі жолындағы ақ халатты абзал жандардың еңбегінің зор екендігін насихаттау.
Іс-шараға шамамен 150 мектеп оқушысы, сондай-ақ олардың ата-аналары мен ұстаздары қатысты. Осы күні колледж ашық алаңға айналып, келушілермен еркін байланыс орнады, тәжірибе алмасу мен оқу ортамен танысу мүмкіндігі туды.
Қонақтарға колледждің негізгі оқу кабинеттері мен зертханаларын қамтитын экскурсиялық бағдарлама ұсынылды: Симуляциялық орталық, Стоматологиялық зертхана, Тіс техникалық зертхана, Анатомия кабинеттері таныстырылды.
Колледж студенттері өткізген шеберлік сағаттары ерекше қызығушылық тудырды. Олар оқу барысында меңгерген дағдыларын көрсетіп, заманауи құрал-жабдықтармен таныстырып, колледжге қалай түскендері және студенттік өмірлері туралы әңгімеледі.
Ашық есік күнінің өткізілуі болашақ талапкерлерге:
Таңдаған мамандықтың ерекшеліктерін терең түсінуге
Колледждің оқу базасымен және қабылдау шарттарымен танысуға
Оқытушылар мен студенттерге сұрақтар қоюға
Колледжде қандай білім берілетінін өз көзімен көруге мүмкіндік береді
Мұндай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына жол ашады және олардың сенімді қадам жасауына көмектеседі.
Ашық есік күніне белсенді қатысқан мектептерге: №74 мектеп-гимназиясы, №72 мектеп-лицейі, №58 мектеп-гимназиясы, №2 Қоянды орта мектебі, №3 Қоянды мектеп-лицейі, №4 мектеп-гимназияларына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. 👏👏👏
Сіздердің қолдауларыңыз бен қызығушылықтарыңыз біз үшін өте маңызды!

In this article:
Share on social media:
Facebook
Twitter
LinkedIn
Telegram

Related articles