
11-17 наурыз аралығында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша апталық ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты – студенттердің кәсіби біліктіліктерін арттырып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
🔹 11 наурыз – апталықтың ашылуы өтті. Осы күні 1-курс студенттері тәжірибелі акушер-гинеколог Нургалиева С.А.-мен кездесті. Студенттер сала маманынан құнды кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
🔹 12 наурыз – 2-курс студенттері 1-курс студенттеріне алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі қадамдарын үйретті. Бұл іс-шара студенттердің шынайы жағдайларда әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталды. Семинарды арнайы пән оқытушылары Ереншиева Л.Т. және Джарлыкасымова С.Х. жүргізді.
Апталық барысында студенттер теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, кәсіби дағдыларын шыңдады. Осындай іс-шаралар болашақ медицина мамандарының білікті әрі жауапты болуына ықпал етеді.





